Футболсүйер жанкүйерлер үшін қуанышты жаңалық! 1-ші наурыздан бастап футболдан ел біріншілігі басталады. Жергілікті “Қызылжар” командасы алғашқы ойынын жексенбі күні талдықорғандық Жетісу командасына қарсы өткізеді. Айта кету керек, матч Петропавлда емес Қостанай қаласында ұйымдастырылады. Себебі, “Қарасай” стадионында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Теріскейлік теңбіл доп шеберлері 2 ай бойы Түркияда оқу-жаттығу жаттығу жиынын өткізді. Жиын барысында 4 матч өткізіп, оның біреуінде ғана жеңіске жетті.
Нұрасыл Ахмет