Ақпанның 20-23-і аралығында Алматы қаласында күрес түрлерінен жастар мен жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Дүбірлі додада солтүстікқазақстандық қыздар сәтті өнер көрсетті. Сайыста жерлесіміз Анна Стратан айды аспаннан бір-ақ шығарып ел чемпионы атанды. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Тағы бір теріскейлік бұрымды палуан Ангелина Герберт 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресіп, қола медаль еншіледі.
АННА СТРАТАН, әйелдер күресінен жастар арасындағы ел чемпионы:
– Чемпионатта 3 белдесу өткіздім. Қарсыластарымның барлығын айқын басымдықпен жеңдім. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Кішкене тынығып алып, алдағы байрақты бәсекелерге дайындалатын боламын.
Нұрасыл Ахмет