ЮРИЙ КОРНЕВ, «Соколов орман шаруашылығы» КММ Налобин орманшылығының басшысы, Қызылжар ауданы:
– Как можно не любить работу, на которой проработал, можно сказать, всю жизнь? Я 25 лет в этой структуре. Лес – это, так сказать, “воздух планеты”. Всё это делаем мы, лесники. Садим лес, бережём. Идёшь по лесу – и тут же грибочек. Это же приятно.
Ширек ғасырлық еңбек өтілі бар Юрий Корнев Налобин орманшылығында әр ағашты біледі. Бұл жерде азаматтың қолы тимеген жасыл желек жоқ. Одан қалды, бірқатарын өзі екен. Азамат мұндай байлықты көздің қарашығындай сақтау – міндетім деп санайды. Юрий сынды білікті мамандар еңбек ететін Налобин орманшылығының жалпы ауданы 11 мың га құрайды, оның 4 мың гектарын орман питомнигі алып жатыр.
ЮРИЙ КОРНЕВ, «Соколов орман шаруашылығы» КММ Налобин орманшылығының басшысы, Қызылжар ауданы:
– Өскін питомникте 2 жыл көлемінде өседі. Сосын оларды орманды жерге апарып, қаз-қатар егеміз. Көп жағдайда ағаш кесілген аумақтар таңдалады. Питомниктің артындағы үлкен қарағайды мен 2000 жылы ектім. Сол жылы орманшы болып жұмысқа тұрған едім. Менің алғашқы ағашым саналады.
Мұндағы көшеттердің біразы басқа өңірлерден жеткізілген. Олар Солтүстік Қазақстанның суық климатына қарамастан жерсініп, еш қиындықсыз тамыр жайып жатыр. Бұдан бөлек, Соколов орман шаруашылығында тұқым сақтауға арналған мамандандырылған қойма бар.
ЮРИЙ КОРНЕВ, «Соколов орман шаруашылығы» КММ Налобин орманшылығының басшысы, Қызылжар ауданы:
– Қайыңның тұқымын дайындап қоямыз. Ол күзге дейін біздің қоймада сақталады. Әбден құрғайды. Сол кезде тәлімбаққа апарып, белгілі бір тәртіп бойынша егеміз. Содан өскін пайда болады.
Тыныштық мекенінде қылқан жапырақты ағаштар да өсіріледі. Орманшылар барлық жұмысты өздері тындырады: бүрлерді жинайды, кептіреді, өңдейді.
Корневтар отбасында отағасы ғана табиғатқа сүйіспеншілікпен қарамайды. Юрий Корневтің ұлы Илья да Налобин орманшылығында жұмыс істейді. Өзінің жанұясы бар. Ол да баласының орман шаруашылығы саласында еңбек еткенін қалайды. Бүгінде барлық білген-түйгенін ұлының бойына сіңіруде.
ИЛЬЯ КОРНЕВ, «Соколов орман шаруашылығы» КММ Налобин орманшылығының шебері, Қызылжар ауданы:
– Бұл салада 14 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Мектепте оқығанда әкемнің қасынан шықпайтынмын. Бірге жүріп, көмек қолын создым. Университетке осы мамандық бойынша түстім. Білім алып, туған жерге оралдым. Табиғатты жақсы көремін. Жылдың кез келген мезгілінде ұнайды. Зайыбым екеуміз балалармен қалада емес, табиғат аясында тыныққанды құп көреміз.
Налобин орманшылығы аңға да бай. Қоян, түлкі, елік, бұғы мен басқаларын мамандар күн де кездестіреді. Оларды қысқы уақытта азықтандыру – орманшылардың міндеті. Қызметкерлер қауырт маусым қарсаңында түрлі азық дайындайды. Сонымен қатар, аңшылардан қорғау мақсатында тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырады. Алдағы уақытта өңірде өрт қаупі жоғары кезең басталады. Орман өрттерінің және табиғаттағы басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында орманшылар ақпараттық жадынамалар таратады, халықпен түсіндіру кездесулерін өткізеді, мектептерге барады.
Байболат Құлтанов