Облыс әкімінің қабылдауына келген азаматтардың бірі – әскери зейнеткер Мықтыбай Жүкенов. Азамат 12 жыл ҚР ҰҚК Шекара қызметінің СҚО бойынша департаментінде қызмет еткен. 2004-2012 жылдар аралығында пәтер кезегінде тұрған. 2012 жылы жалға берілетін комуналдық үй алғанын айтады. Ал 2016 жылы азамат зейнетке шыққан. Бірақ, былтыр қалалық тұрғын үй-комуналдық шаруашылық бөлімі үйді қайтарып алып қойған. Осы сұрақтың шешімін табу үшін қала тұрғыны облыс әкіміне жүгінуге тура келді дейді.
МЫҚТЫБАЙ ЖҮКЕНОВ, қала тұрғыны:
– Петропавлда 12 жыл погранслужбада қызмет еткем. 2004-те акиматқа общий очередьқа тұрып, 2012-де 3 бөлмелі пәтер алғанмын, 4 бала жұбайыммен. Сол пәтерге приватизация берейін десем документ жоқ, түгел договорлар. Екі договор акиматта жатқан архивта жатқан жоқ. Протокол жилищной комиссии жоқ. Бірінші сот өтті сентябрьде 2024 жылы, сол судом доказано что документов нету, утеряны.
Облыс әкімі азаматтың сұрағын арнайы қарап, мамандармен кездесу өткізіп, жағдайды егжей-тегжейлі зерттейтінін жеткізді. Бірақ, дегенмен бұл сұрақ бойынша соттың шешімін күту керек деп есептейді.
Облыс әкімінің көмегіне жүгінген азаматтардың тағы бірі – Заречный кентінде орналасқан саяжай аумағындағы баспаналардың тұрғындары. Саяжай аумағында жалғыз баспанасы бар 40 үй орналасқан. Облыс және қала басшылығымен көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында Заречный кентін көшіру шешімі қабылданған. Бірақ, саяжай аумағында орналасқан жалғыз баспаналарға өтемақы немесе пәтер қарастырылмаған деседі.
– Мы с поселка Заречный. Собственники единственного жилья. Наверное, не для кого не секрет, что руководство города приняло решение о переселении нашего поселка. Мы как собственники единственного жилья, то есть Серик Максутович нам дал ответ то, что мы не будем рассматриватся.
Қала басшысы Серік Мұхамедиев бұл сұрақтың барлығы заң жүзінде қаралғанын жеткізді. Егер де саяжай аумағындағы баспана иелеріне пәтер берілетін болса, кезекте тұрған 20 мыңнан астам азамат өз наразылықтарын білдіретінін айтты.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:
– Петропавл қаласында 2007-2008 жылдан бері баспана алуға кезекте тұрған 20 мыңнан астам азамат бар. Егер де біз қазір саяжай аумағындағы азаматтарға баспана беретін болсақ, кезекте тұрған азаматтар да Есіл өзенінің жағалауынан саяжайларды сатып алып бізден пәтер сұрайтын болады. Бұл заңсыз әрекет деп ойлаймын.
Облыс басшылығымен көктемгі су тасқынын алдын алу шаралары қарқынды жалғасуда. Заречный кентінің тұрғындарын қауіпсіз аумаққа көшіру мақсатында қазіргі таңда облыс орталығында 169 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жалғасып жатыр. Ал жетіспейтін 89 пәтерді тағы да сатып алу жоспарланған.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Заречный кентінде ертеден бастап жоспарлы су тасқындары тіркелген. Қазіргі таңда кентті толығымен қорғап қалу мүмкін емес. Бірақ, соған қарамастан біз бөгеттің ұзындығын ұлғайттық, биіктігін көтердік. Жұмыстардың барлығын атқардық. Бірақ кіші өзендердің толуына байланысты барлық жақтан судың тасуы болады. Оны қорғап қалу мүмкін болмай тұр. Сондықтан да тұрғын үй аумағын, екі қабатты үйлерді көшіру жоспарланған. Заң жүзінде сіздердің сұрақтарыңызды қарастыратын боламыз.
Облыс әкімінің қабылдауына келген азаматтардың барлық сұрақтары тағы бір мәрте қарастырылатын болады. Өз кезегінде аймақ басшысы заң жүзінде қолдан келген көмектің барлығын жасайтынын жеткізді.
“Первый Северный” телеарнасы