Тәртіп сақшылары теміржол вокзалы аумағында жолаушылармен кездесіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Балаларды жалғыз қалдырмау, жан-жаққа қарау, құлаққаппен жүрмеу және рельстің маңына бармау. Тілдесу барысында мамандар осыларды айтуда. Шара барысында шенділер кезіккендерге тиіс жаднамаларды табыс етті.
РАМИЛЬ АХМАНОВ, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы:
– Жыл басынан бері теміржол вокзалында 480-нен астам құқықбұзушылық анықталды. “Қауіпсіз жол” акциясы аясында біз тәртіп бұзған 51 адамды әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Оның төртеуі – шетелдік азаматтар. Қоғамдық орында ішімдік ішкен 20 адам мен темекі тартқан 10 адам жазаланды.