Ұлттық Ұлан академиясының күміс көмей әншілері бұл жолы сахнада емес, қоғамдық көлікте ән айтуда. “Катюша”, “Смуглянка”, “День Победы” сынды әндер шырқалды. Барша жолаушының назарын аударған өнерпаздар шараны Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырып отыр. Шара әрі қарай жалғасын табады. Шенділер халық арасында өткен ғасырға тиесілі туындыларды дәріптемекші.
ЕРКЕБҰЛАН ЕРСАЙЫНОВ, ҚР ҰҰ академиясы клубының басшысы:
– Осы жылдың 29-шы қаңтарынан бастап, 9-шы мамырға дейін “Ұлы Жеңіске дейінгі 100 күн” атты акция өтіп жатыр. Біз – Ұлттық Ұлан академиясының әскерилері бірігіп, тұрғындар соғыс жылдарындағы әндерді ұмытпасын деген оймен іс-шараны өткізіп жатырмыз.
Бұдан соң, әскерилер аялдамада ән шырқады. Бұл суықта жаураған тұрғындардың көңілін жылытты.
Көп ұзамай әншілер думандатып келесі қоғамдық көлікке мінді. Шырқалған әнге жолаушылар қосылды. Көбі қалтасындағы телефонын алып, видео түсіріп жатты. Қала тұрғындары алғыс білдіруде