Қоғам

«Жастар рухы» ЖҚ еріктілері зейнеткерлерге қар тазалауға көмектесті

«Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері қыс мезгілінде егде жастағы адамдарға көмек көрсетуді жалғастыруда. Осы жолы жастар Петропавл қаласында тұратын зейнеткер Тамара Фёдоровнаға қолғабыс жасады. Еріктілер қолдарына күректерін алып, қысқа уақыт ішінде ауланы және кіреберісті қардан тазартты. Мұндай қолдау, әсіресе, қарт адамдар үшін өте маңызды. Өйткені, олар үшін қар тазалау қиынға соғады. «AMANAT» партиясының жергілікті жастары қыс бойы бірнеше зейнеткердің үйінің ауласын ақ ұлпадан аршып берген. Сондай-ақ, соңғы үш айда партия мүшелері «Таза бейсенбі» жобасы аясында 20-дан астам сенбілік ұйымдастырған.