“Заң және тәртіп: тұрақты болашаққа жол”. Бүгін осындай атаумен Петропавлда мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды.
КЕМЕЛ ОСПАНОВ, СҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары:
– Президент “Әділетті Қазақстан” заң мен тәртіп үстемдік құратын ел деді. Бұл – жаңа қоғамдық келісімнің іргетасында тұрған маңызды бастаулар.
М.Қозыбаев атындағы СҚУ тарих, қоғам және құқық факультетінің деканы Зәуре Қартованың айтуынша елдің даму жолында кадрлардың білікті болуы маңызды рөл атқарады. Жоғары оқу орнында құқық мамандығын меңгеріп жүрген жастар 3 бағытта білім алады екен.
ЗӘУРЕ ҚАРТОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ Тарих, қоғам және құқық факультетінің деканы:
– Біз студенттерді үш бағыт бойынша оқытамыз. Біріншісі, ол – қаржылық сауаттылық. Екіншісі – цифрлық сауаттылық және құқықтық мәдениет. Осы үш салада біздің ерекше жоспарымыз бар. Сондықтан, осы бағытта студенттер арасында іс-шаралар өткізіледі. Бұл жұмыс берушілермен және азаматтық қоғам өкілдерімен іске асырылады. Бүгінгі таңда тарих, экономика және құқық факультетінде 100-ден астам студент бар.
“Тәртіпке бағынған құл болмайды” демекші, заңға сүйенген қоғамда ғана тәртіп болады. Тәртіп бар жерде құқықбұзушылық болмайды. Ал түзу жол елдің дамуына тірек болады. Осы ретте өзінің құқығыңды білу де маңызды дейді “Жастар рухы” ЖҚ төрайымы Бекзат Латыпова.
БЕКЗАТ ЛАТЫПОВА, “Жастар рухы” ЖҚ төрайымы:
– Әрбір жас өзінің құқығын білуі қажет. Осы орайда мамандар бізге ойларымен бөліседі, ал біз осы заңдармен танысып, біліп жүретін боламыз.
Қоса кетейік, аталған «Заң және тәртіп – құқықтық мемлекеттің негізі» идеологемасы аясында өткізіліп отыр.
Мәдина Қаби