Жаңа сахналық туынды. С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында кішкентай көрермендерге арналып Ерсайын Төлеубайдың “Тентек теке” ертегісінің сахналық нұсқасының тұсауы кесілді. Қойылымның тәрбиелік мәні бар. Ертегі мейірім, адалдық пен әділеттілік жайында.
ДӘУРЕН ТОЙБАЗАРОВ, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі:
– Бұл ертегі арқылы балаларға жаман мен жақсыны ажыратуды, бұзықтыққа жол бермеу және ақылды болу қажеттігін түсіндіргіміз келеді.