Тайынша ауданына қарасты Рощинское ауылында тұрғын үй өртенді. Түн ішінде қызыл жалын бас көтерген баспана ішінде 16, 15 және 6 жастаға қыздар болған.
Қыздардың періштесі қақты. 17 ақпанға қараған түні жұмыс орнында болған Айдын Ақанов жанып жатқан отты көріп, сол маңға жүгірген. Батыл азамат баспана ішінен жан дауысы шыққан балаларды сыртқа шығарған. Оларды бірден көрші үйге жеткізіпті. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады.
ЖӘМИЛЯ ҚЫЛЫШБЕКОВА, Рощинское ауылының тұрғыны, Тайынша ауданы:
– Айдынға алғыс айтамын. Өзім сол түні жұмыста болдым.
Асқан ерлік танытқан 38 жастағы азаматты Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Жомарт Асқаров Алғыс хатпен марапаттады. Қиын жағдайға тап болған отбасыға жергілікті билік жәрдем береді. Уақытша баспана ұсынылған. Жақын арада қаржылай қолдау көрсетілмек.
Байболат Құлтанов