Құқық қорғау органдары

СҚО-да бір жарым айдың ішінде 60-тан астам интернет-алаяқтық тіркелді

Алданып қалған тұрғындар бірнеше миллион теңгеге қарызға батқан. Полиция қызметкерлері бұған себеп – тұрғындардың құқықтық сауаттылығының төмендігі дейді.

– Финансовая грамотность населения на сегодняшний день остаётся на низком уровне. Банальная статистика показывает, что за 2024 год было зарегистрировано 756 уголовных правонарушений на сумму 942 млн. тенге.

Интернет-алаяқтардың қулығы күннен-күнге артып барады. Олар бірде тәртіп сақшысы, бірде банк қызметкері болып көрінеді.

– Сотрудниками банка представляются. Говорят о том, что на вас оформляется незаконно кредит, и вам необходимо взять ещё один кредит, перевести на безопасный счёт. 

Полиция қызметкерлері қазір түсіндіру жұмыстарын көп жүрізіп жатыр. Алаяқтардың амалдары жайында адам неғұрлым мол ақпарат білсе, соғұрлым өзін қудың құрығынан сақтайды. Мамандар алаяқтардан қорған болар профилактикалық шараларын жаңаша форматта өткізіп жатыр. Түсіндіру жұмыстарына оқытушылар, дәрігерлер мен мемлекеттік қызметшілерден тұратын тәуекел топтарын тартуда. Осы топпен олар сапаржайдың күту залын аралап, автобустарға кіріп, жолушыларға жаднама таратты.

 

Данаш Хамза