Қоғам

Ауруханадағы балаларға кітап сыйға тартылды

Ауруханадағы балаларға кітап сыйға тартылды. Петропавлда “30 қадам ізгілікке” бастамасы аясында ерекше қайырымдылық шарасы өтті. Жергілікті Ассамблея өкілдері көпбейінді облыстық балалар ауруханасына барды. Мұнда ем алып жатқан ұл-қыздарға түрлі еңбектер таратылды.

ДАРИҒА СМАИЛОВА, «Ассамблея Жастары» РҚБ СҚОФ төрайымы:

– Этномәдени бірлестік өкілдері көмек қолын созды. Алғыс білдіреміз. Әртүрлі кітап әкелдік. Ертегі де бар, энциклопедия да бар.

Демек, парақтайтын кітап бар, оқитын уақыт та жеткілікті. Бастысы, жастар телфоннан бас алу қажет. Акция барысында ұл-қыздар өздеріне ұнаған еңбектерді таңдап алды. Назар аударарлық жайт, туындылардың барлығы орыс тілінде жарық көріпті.

АЙЗЕРЕ ДӘУЛЕТҚАН, ем алушы:

– Мен кітап оқығанды ұната бермеймін. Ата-бабаларымыз айтқандай, “Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы”. Көбінесе фантастика, ақша табу, IT cала туралы кітаптар оқимын. Соңғы оқыған кітабым – “Пес по имени Мани”.

“30 қадам ізгілікке” челленджі “Балаларға қуаныш сыйла” акциясы аясында өтіп отыр. Бұған дейінгі бастамалардың бірі қолөнерге арналды. Онда балалар жақындарымен бірге құстарға арналған жемсалар дайындады. Ел көлеміндегі шараның басты мақсаты – жас буынды жан-жақты болып қалыптасуына ықпал ету.