МТРА жаңалықтары

Беларустық аяқ киімдер жәрмеңкесі жаңа тауармен толықты

Облыс орталығында беларустық аяқ киімдер жәрмеңкесі жалғасуда. Ескерер жайт, жақында ғана сауда алаңына көктемгі топтама жеткізілді. “Тауардың сапасына алаңдаудың қажеті жоқ”,- дейді саудагерлер. Шекара сыртынан жеткізілген өнім өте жылы, бұзаудың терісінен тігілген, асты арнайы гельден жасалған, су өткізбейді, бағасы да қолжетімді. Қысқылары да таңдай қақтырады. Оларға қазір 25 пайызға дейін жеңілдік жүріп жатыр. Келген жан қалағанын таба алады.

ИРИНА МАСЛОВА, сату жөніндегі менеджері:

– Әйелдерге арналған көктемгі аяқ киімдердің өлшемі 36-дан 42-ге дейін. Ал ерлердікі 40-тан 46-ға дейін жалғасады. Барлығы таза былғарыдан тігілген. Қысқы аяқ киімдердің өлшемдері де солай. Қысқыларының бәріне жеңілдік жасаймыз. Тауарлардың арасында ортопедиялық аяқ киімдер де бар.

Қала тұрғындарының назарына көктем және қыс мезгілдеріне арналған тауарлардың мол ассортименті ұсынылған. Сапалы аяқ киім іздеген жандар үшін жәрмеңке ақпанның 23-іне дейін жалғасады. Сонымен қатар, жәрмеңкеде түрлі түсті, сапалы төсек-орындар да саудалануда.

ИРИНА МАСЛОВА, сату жөніндегі менеджері:

– Бізде одан бөлек төсек-орындар да жететін. Ақ, көк, қара, жасыл, қызыл, гүлдісін де таңдай аласыз. Табиғи таза өнім, сапалы, екі адамға арналған. Мереке де жақындап қалды, жақындарыңызға, құрбыларыңызға сыйлық ретінде алуларыңызға болады.

Жәрмеңке Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайында орналасқан. Сауда нүктесі таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Дүйсенбі – демалыс.

 

Мәдина Қаби