Қоғам

30 жастағы петропавлдық жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген

30 жастағы петропавлдық «Lada 21214» көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып алған. Оның өтірігі заманауи технологияның арқасында белгілі болды. Жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейтін бейнежүйе нөмірдің мемлекеттік тіркеуден шығарылғанын анықтаған. Құқықбұзушы Жамбыл көшесінде құрықталды. Ер адам бір тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, облыс орталығында өткен жылдың қыркүйек айынан бастап интеллектуалдық бейнежүйелер орнатылғалы жалған мемлекеттік нөмірді пайдаланудың 5 фактісі анықталған. Еске сала кетейік, бүгінде Петропавлда осындай 50-ге жуық жүйе жұмыс істеп тұр.

 

Нұрасыл Ахмет