– Всем своим сотрудникам тоже доведите, личному составу, чтобы они незамедлительно о готовящемся, о совершённом преступлении незамедлительно докладывали, сразу же, на 102.
Мектеп ішіндегі тәртіпке күзетшілер жауап береді. Полицейлер осыған орай оқу орындарындағы күзет құрылымдарының басшылығымен кездесу өткізді. Тәртіп сақшылары оларға күзет барысындағы талаптар жайлы, адамның қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында екенін баяндады. Егер білім ошағында балалар бір-бірін қорқытып, кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты бұзушылықтар орын алып, оны күзетшілер көре тұра полицейлерге немесе мектеп әкімшілігіне хабарламаса, жауапкершілікке тартылады. Олар мұндай жағдайды аңғарған сәтте бірден “102” нөміріне хабарласып, жағдайды баяндаулары қажет.