Білім

Электрондық еңбек биржасында қандай мамандарға сұраныс артты?

Қаңтар айында Электрондық еңбек биржасында ел бойынша ұстаздарға сұраныс арта түскен. Тапшылық 36 мың 800 адамды құрайды. Әсіресе, білім беру мекемелеріне матаматика пәнінің мұғалімдері мен тәрбиешілер керек екен. Мәселен, еліміздегі орта білім беру орындарына 2 мыңнан астам аталған мамандық иелері қажет. Одан кейін, дәрігерлер мен автомобиль жүргізушілерін іздеушілер көп. Жылдың алғашқы айында білікті мамандарға қажеттілік 70 пайызға өскен. Ал тәжірибесі жоқ жандарға сұраныс 46 мыңнан 19 мыңға дейін азайған. Айта кету керек, ел бойынша бір айдың ішінде бос жұмыс орындарының саны 5,2 пайызға қысқарыпты. Олардың саны 99 мыңға жуықтайды. Ал түйіндемелер саны керісінше 2,5 есеге ұлғайған. Яғни, 191,9 мыңға дейін өскен.

 

Нұрасыл Ахмет