Небәрі 10 күннің ішінде 90-ға жуық бұзушылық тіркелді! Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтекізілуде. Қазір табиғатты қорғау полицейлері жер-жерде рейд жүргізіп жатыр. Анықталған бұзушылықтардың бірсыпырасы – түлкілер мен қояндарға тұзақ қою. Заң бойынша мұндай жолмен аңшылық жасауға болмайды. Ал қаруды сақтау және тасымалдау ережелерін бұзудың 9 фактісі анықталды. 23 құқық бұзушылық балықшылар тарапынан болды. Бірі мұз үстіне мас күйде шықса, екіншісі қармақ ұстаған қалпында ішімдік ішкен. Сонымен қатар, өзен-көлдерге «жерлица» деп аталып кеткен құралды орнататындар бар. Жедел-профилактикалық шара жалғасын табады. Мамандар облыста аша тұяқты жабайы жануарларды аулауға тыйым салынғанын еске салады.
Мәдина Қаби