Аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар келесі айда 14 күн, алты күн жұмыс істейтіндер 10 күн демалады. Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурыз сенбіге түсіп тұр. Сол себепті, демалыс дүйсенбі 10-шы наурызға ауыстырылмақ. Яғни, бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 демалады. Ал алты күн тер төгетіндер үшін 8 және 9 наурыз – демалыс, 10 наурыз жұмыс күні болмақ. Наурыз мейрамы сенбі-жексенбіге келіп тұрғандықтан тұрғындар 25-сіне дейін демалады.
Мәдина Қаби