Құқық қорғау органдары

Кәсіптік бағдар беру: жастармен жүздесу

Өңір полицейлері кәсіптік бағдарлау жұмысы аясында жастармен жүздесті. Ғабит Мүсірепов ауданына арнайы барған білікті мамандар болашақ мамандарға қызметтерінің қыр-сырын баяндады. Оқушылардың сұрақтарына жауап берген шенділер өз қызметтерінде біраз жетістікке жеткен. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ құрамында тер төгіп жүрген Нұрсұлтан Жақыпов – екі дүркін Азия чемпионы және кикбоксингтен Әлем кубогының иегері. Ал учаскелік полиция инспекторы Владимир Синицын «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталған. Ол су тасқыны кезінде қауіп төнген адамдарды эвакуациялауға көмектесіп, жануарларды құтқаруға атсалысқан. Полицейлер ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу туралы ақпаратты тұрғылықты мекенжай бойынша орналасқан полиция бөлімдерінен немесе әлеуметтік желілердегі бейінді департамент парақшаларынан білуге болатынын еске салады.