Ақпанның 7-сі күні Петропавлдың Борки кентінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген прокурорлар арасында шаңғы жарысы өткенін айтқан болатынбыз. Шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналып өткізілді. Қатысушылар 3 қашықтық бойынша сынға түсті. Оның екеуінде облыстық қадағалау органының өкілдері жеңіске жетіп, жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Екінші орынды Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ұжымы иеленсе, үздік үштікті Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және бағалы сыйлықтармен табысталды. Айта кету керек, прокурорлар арасында шаңғыдан ел чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылды.