МТРА жаңалықтары

Петропавлда Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі бастау алды

Петропавлда кезекті мәрте Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі басталды. Ақпанның 10-шы жұлдызынан бастап көктемгі тауар сатылып жатыр. Сөреге қойылғанның арасында жеңілдікпен саудаланатын қысқы аяқ киімдер де бар. Барлығы мақтауға лайық. Сонымен қатар, сауда орнында сапасы жоғары төсек-орын да табылады.

ИРИНА МАСЛОВА, сату бойынша менеджер:

– Біз Ресейдің Иваново қаласынан төсек-орын алып келдік. Барлығы табиғи таза өнімдерден тігілген. Сапасын ұстап-ақ анықтауға болады. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жақындарыңызды осындай сыйлық тарту етіп, қуанта аласыздар.

Сауда алаңында әйелдер мен ерлерге арналған аяқ киімінің бақандай 500-ге жуық үлгісі бар. Көктемгі түрлеріне келетін болсақ, мұнда әрбірі бұзау терісінен тігілген, табаны арнайы гельден тұрады, су өткізбейді, ортопедиялық ұлтарақ қарастырылған. Жүрген кезде жайлылық сезіндіреді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, апта соңына қарай қосымша аяқ киімдер жеткізіледі.

ИРИНА МАСЛОВА, сату бойынша менеджер:

– Бізде әйелдерге арналған көктемгі аяқ киімдердің 36-дан 43-ке дейінгі өлшемдері бар. Қысқы аяқ киімдерге 25%-ға дейінгі жеңілдік ұсынып отырмыз. Ерлерге де түрлі өлшемдегі тауар табылады. Сататынымыздың барлығы табиғи былғарыдан тігілген, табаны полиуретаннан, ал іші қой жүнінен тігілген.

Жәрмеңке Ш.Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайы бойынша өтіп жатыр. Жұмыс уақыты – 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін. Демалыс және үзіліс жоқ. Сауда ақпанның 16-шы жұлдызына дейін жалғасады.

 

Мәдина Қаби