Құқық қорғау органдары

Өз міндетін дұрыс атқармаған 35 ата-ана жауапкершілікке тартылды

Необходимо взять с собой акты проверок и при выявлении несовершеннолетних в развлекательных заведениях вручать администраторам, либо представителям, хозяевам, субъектам малого предпринимательства эти акты проверок.

Петропавлда ювеналды полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасын өткізуде. Рейд 5-ші ақпан күні басталды. Басты назарда – сауда орындары мен компьютерлік клубтар және көшелер.

АЙНАГҮЛ САУЫТБЕКОВА, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылғандай, «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың жолын кесу қажет.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары бұрын кәмелетке толмағандардың құқықтары бұзылған отбасыларды да тексерді. Егер мұндай бұзушылық тағы бір мәрте тіркелсе, қатаң шара қолданылады. Соның бірі – жауапсыз жанұя мүшелерін ата-ана құқығынан айыру.

– Банку пива выпила после работы и уснула и забыла ребёнка со школы забрать в прошлом году.

Есте сақтаған жөн, кәмелет жасқа толмаған жеткіншектерге 22:00-ден кейін жақындарының қарауынсыз қала көшелерінде немесе сауда орындарында жүруге болмайды. Облыс деңгейіндегі шараның ағымдағы қорытындысы дайын. Рейд аясында полицейлер 2 күннің ішінде 91 баланы кезіктірген. Тәртіп сақшылары ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 35 заңды өкілді және 10 адамды жауапкершілікке тартты.