Мәдениет

Жасөспірімдердің қолданбалы өнер көрмесі

Талантты теріскейліктердің басы Петропавлда тоғысты! Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығында қолданбалы өнер көрмесі қанат жайды. Іс-шараға 14 пен 17 жас аралығындағы дарынды ұл-қыздардың жұмыстары қойылған.

САЯН ЕРМЕК, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі:

– 7 номинация бойынша 102 жұмыс көрсетіліп отыр. Бұл көрме жыл сайын өткізіледі. Әділ қазылар туындының аталымға сәйкестігіне назар аударады.

Балалар жасаған туындыларға қарасаң, көз сүйсінеді. Көрмеде қазақи нақыштағы жұмыстардың саны басым. Әр еңбек шығармашылық қабілетті талап ететіні сөзсіз. Тимирязев ауданынан келген Бахтияр Қайыргелді – жас шеберлердің бірі. Ол өзімізге жақсы таныс ағаш үстел жасапты.

БАҚТИЯР ҚАЙЫРГЕЛДІ, Дмитриевка орта мектебінің оқушысы, Тимирязев ауданы:

– Туындымды 2 күннің ішінде жасап шықтым. Қиынға соқпады. Себебі, қандай да бір істі сүйіп жасасаң, оңай болады. Бүгін қазылар алқасы жұмысымды жоғары бағалайды деп ойлаймын. Болашақта түрлі стильдегі үстелдерді әзірлеп, ақша тапқым келеді.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатсыз қалмайды. Олардың үздіктері диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.