Сергеев су қоймасындағы жағдай әзірге тұрақты. Ернеуінен асқан судың деңгейі 2 см-ді құрайды. Бұның өзі су қоймасының бүкіл ені бойынша емес, бір жағынан ғана байқалады. Нысандағы тіршілік нәрінің деңгейі 138 метрге жуықтайды. Сондай-ақ, өзен суының деңгейін сәл де болсын төмендету мақсатында бірқатар іс-шара атқарылған. Есіл ағысын тежеп тұрған тасқыннан кейін пайда болған тастар алынған. Нәтижесінде өзен деңгейі 1 метрге төмендеп, қазіргі уақытта 119 метрді құрап отыр. Еске сала кетейік, облыстық ТЖД мәліметі бойынша облыста биыл 116 ауылды су басу қаупі төніп тұр.
ШҰҒАЙЫП ИБАТУЛЛИН, “Қазсушар” РМК СҚОФ директоры:
– Шайылып кеткен жерлердің барлығын түзедік. Ешқандай мәселе жоқ.
Мәдина Қаби