Должно находиться всегда либо детское кресло, до 12 лет, либо удерживающее устройство. У вас оно имеется. – Да-да. – Вот вам наклейка, можете наклеить… Давайте мы прямо сейчас наклеим. – Давайте, хорошо.
Полиция қызметкерлері кезекті рейдтерін баланы көлікте дұрыс отырғызуға арнады. Өйткені, өңірде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік апаттарының саны жиілеген. Облыста өткен жылы кәмелетке толмаған 160 жас жол апатына ұшыраған. Оның 80-ге жуығы көлікте жолаушы болған. Алдын алу акциясы оқу орындарының маңында және көлік көп жүретін жерлерде ұйымдастырылды.
САЯТ ДҮЙСЕМБИН, қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының взвод командирі:
– Қазақстан Республикасы жол қозғалысы ережелерінің «Жолаушыларды тасымалдау» 22-тарауының 2-тармағының талаптарына сәйкес, 12 жасқа дейінгі балаларды ұстау құрылғысынсыз немесе баланы қауіпсіздігіне мүмкіндік беретін көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады. Осы талаптарды орындамау үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Тәртіп сақшылары облыс орталығында осындай 40-тан астам профилактикалық әңгімелесу өткізді. Көлікте жолаушы орындығында бала отырған жағдайда жүргізушіге арнайы жапсырма берді.
Мәдина Қаби