Өңірімізде жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицид мәселесі әлі өзекті болып тұр. Жауапсыз махаббат, отбасындағы тұрақсыздық пен үйден тыс жерде көрсетілетін қысым. Көп жағдайда осылар ат басындай алтыннан қымбат өмірдің үзілуіне әкеліп жатыр. Маңызды деректер Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтылды.
МАРИАННА МОРОЖНИКОВА, Психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары:
– Біздің әрқайсысымыз жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтің болмауына, кең етек жаймауына үлес қоса алады. Қазіргі таңдай жағдай мәз емес. Былтыр аймақта өз-өзіне қол жұмсаудың 8 жайты тіркелді. Өкінішке қарай, оның 2-еуі өліммен аяқталды. Яғни, отбасылар қара жамылды. Бұның алдын алу үшін оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарына қарқын қосу қажет деп білеміз.
Ақпараттандыру жұмысын неғұрлым жиі жүргізген дұрыс. Қамтылатын адам саны көп болғаны абзал әрі кездесулерде көмек көрсету ұйымдарының байланыс нөмірлерін қалдырған жөн. Сонда ғана нәтиже болады.
ИРИНА ЯКИМОВА, Психикалық денсаулық орталығының психологі:
– Күні кеше ғана бір қырағы қыз құрбысының өз-өзіне қол жұмсауға оқталып жүргенін сынып жетекшісіне айтты. Бұл ақпарат бізге жетті. Біз бірден мобильді топты аталған білім ұясына жібердік. Мамандарымыз тиісті түсіндіру жұмысын жүргізді.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлімжеттік мәселесі де күн тәртібінен түспей тұр. Былтыр өңірімізде мұндай 4 жайт тіркелген. Брифингке қатысушылар ата-аналарды ұл-қыздарының жүріс-тұрысына, іс-әрекетіне бақылау жасауға шақырды. Көп жағдайда балалар жақындарына сыр ашады. Яғни, бұл жерде арадағы қарым-қатынас үнемі жақсы болғаны жөн.
Байболат Құлтанов