Здравствуйте! Мы из полиции. Пройдёмте с нами.
Тұрақты мекенжайы жоқ қаңғыбас адамдар арасынан мигранттар табылды. Тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалғандарды табу мақсатында рейд өткізді. Іздестіру шарасы қатты тұрмыстық қалдықтар төгілетін полигоннан басталды. Үй-күйсіз жандар көбінесе осы жерде жүретін көрінеді. Одан бөлек вокзал аумағын, базар маңы мен жылу трассасын жағалайды екен.
ТІЛЕМІС КӘРІМОВ, СҚО ДП криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:
– 4 ақпан күні Петропавл қаласының аумағында тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды анықтау, хабарсыз кеткен және іздеуде жүрген адамдармен сәйкестендіру, жасалған қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін кешенді тексеру жұмысы өткізілді.
Рейдтік шараның нәтижесінде мамандар қалалық полиция басқармасының қабылдау-бөлу бөліміне 80-нен астам адамды жеткізді. Олардан саусақ іздері алынып, фотоға түсірілді. Үш адам жеке басы анықталғанға дейін осында қалады. Сондай-ақ, тексеріс барысында полиция қызметкерлері жергілікті базарлардың бірінде рұқсатсыз сауда-саттық жасаған 5 өзге ұлт өкілін анықтады. Олар бойынша тиісті материал жиналып, көші-қон қызметіне жіберілді.
Мәдина Қаби