Құқық қорғау органдары

Түрмеде бейнебақылау камерасын сындырған

Түрмеде отырса да ақыл кірмеген. 2024 жылы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №51 мекемесінде жазасын өтеушілердің бірі 5 бірдей бейнебақылау камерасын сындырған. Сотталушы 1,1 млн теңгеден астам шығын келтірген. Айыртау аудандық соты Т. есімді азаматты жасаған қылмысы үшін тағы 4 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Ол келтірген залалды толығымен өтеді. Айта кету керек, былтыр өңірдегі түзету мекемелерінде дәл осындай тағы екі жағдай тіркелген.

 

Нұрасыл Ахмет