Көліктен ақау шығып, Келлеровка тұсында тапжылмастан 9 күн тұрған. «Астана-Петропавл» автожолында патрульдеп жүрген полиция қызметкерлері Қырғызстан елінің азаматына көмектесті. Шетелдік Ресейден ит-мысыққа арналған азық әкеле жатқан. Жолда жанармайы қатып қалып тоқтап қалған. Анықтай келе стартері де жарамай қалғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары жолаушыға
көлігін қайта іске қосуға көмектесті. Мамандар, сондай-ақ, Ақжар ауданында көлігі сынып қалған отбасыға қол ұшын созды. Олар жүргізушінің жұбайы мен балаларын қызметтік көлікке отырғызып, ақау шыққан машинаны Дәуіт ауылына сүйреп жеткізген.
Данаш Хамза