Құқық қорғау органдары

Полицейлер психологтар ұйымдастырған квест-тренингке қатысты

Петропавлда 40-тан астам полиция қызметкері психологтар ұйымдастырған квест-тренингке қатысты.

– Ваша задача – найти номер телефона злоумышленников, позвонить по этому номеру телефона.

Облыстық және қалалық полицияның әр түрлі бөлімшелері мен қызметтерінің өкілдері ұжымда жұмыс істеу қабілетін, логикалық ойлауды, эрудицияны, күйзеліске төзімділікті және дене шынықтыру дайындығын тексеру үшін төрт командаға бөлінді.

– Команда 2 балла получает! – 2 балла.

Квест Абылай хан резиденциясы ауданынан басталып, Қазақстан Конституциясы көшесіндегі Тәуелсіздік стеласына дейін жалғасты. Полицейлер командалық жұмысты көрсетті, табандылық танытты, тапсырмаларды жылдам орындауға тырысты. Сынақ барысын психологтар үйлестіріп отырды.

– Ну-ка, где? – Нашли, нашли! – Нет. – Почему нет?

Жарыс нәтижесі бойынша Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері жеңімпаз атанып, кубокпен және дипломдармен марапатталды. Ұйымдастырушылар айтып өткендей, квесттің әрбір қатысушысы жеңіске жетті. Себебі, команданың әр мүшесі қиындықтарды еңсере отырып, топтың нәтижеге жетуіне үлес қосты.

– И переходящий кубок забирает команда СОБР за активное участие, за самоотверженное участие, командный квест, в работе квест, переходящий кубок. В следующий раз у вас решат забрать этот кубок.

Кезекті квест-тренинг көктемге жоспарланған, ол дала жағдайында өтпек.

 

Байболат Құлтанов