“Қызылжар” футбол клубы Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынына кірісті. Бұл жолы петропавлдық ұжым ақпанның 16-шы жұлдызына дейін төрт жолдастық кездесу өткізбек. Бүгінгі таңда қарсыластар белгілі. Олар: румыниялық және ресейлік командалар. Атап айтсақ, өңір намысын қорғайтын жігіттер «Ахмат», «СКА Хабаровск» және «Крылья Советов» сынды клубтарда доп тебетін әріптестерімін күш сынаспақ. Еске сала кетейік, “Қызылжар” алғашқы оқу-жаттығу жиыны аясында бес матч өткізді. Оның үшеуінде тең есеп тіркелді, біреуінде жеңіс бұйырса, енді біреуінде қарсыластың асығы алшысынан түсті.
Байболат Құлтанов