ТКШ

Петропавлда бір тәулік су болмайды

Облыс орталығында тағы да су беру тоқтатылады. Бұл жолы тұрғындар тіршілік көзін бір тәулік күтпек. Маңызды хабарландыру жауапты мекеменің қабырғасында айтылды.

ЖЕҢІС СҰЛТАНОВ, “Қызылжар су” ЖШС бас директоры:

– KAZ Minerals компаниясы 2 млрд 900 млн теңге қаржы бөлді. Жұмыстар жүріп жатыр. Суды дүйсенбі күні кешкі 22:00-де сөндіреміз. Сейсенбі күні 22:00-де береміз.

Брифинг барысында бас директор судың не себепті сөндірілетіндігін түсіндірді. Жеңіс Сұлтановтың айтуынша, мұндай қадам жасалмаса, ауқымды әрі маңызды жұмыс мәресіне жетпейді.

ЖЕҢІС СҰЛТАНОВ, “Қызылжар су” ЖШС бас директоры:

– Сорғыларды орнататын орын дайындалады. Сол үшін су сөндіріледі. Мұндай сөндірулер ақпан мен наурыз айларында да болады. Халықты түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Жаңғырту жұмысынан кейін жарты ғасырлық тарихы бар бірінші көтергіш сорғы станциясы адам танымастай өзгереді. Ол апатты жағдайда да жұмыс істемек.

ЖЕҢІС СҰЛТАНОВ, “Қызылжар су” ЖШС бас директоры:

– Бірінші сорғы станциясы 51 жыл жұмыс істеп тұр. Құрал-жабдықтар ескірді. Жаңғырту жұмыстарынан кейін барлығы жаңа болады.

Жоспар бойынша станциядағы жаңғырту жұмысы сәуір айына дейін аяқталады.

 

Байболат Құлтанов