Петропавлда жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің 10-шы маусымы бастау алды. Аталған ұйымда биыл диплом алатын әрі келешегін мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін жастар тиісті білім ала алады. Бүгін бірінші сабақ өтті. Тыңдаушылардың бірі – Қозыбаев университетінің студенті Әлішер Исаев. Тарих мамандығына оқып жүрген талапты жас жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің берері мол дейді.
ӘЛІШЕР ИСАЕВ, жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің қатысушысы:
– Бұл мектепке түсу үшін желтоқсан айында эссе жазған болатынмын. Эссенің тақырыбы оңай әрі түсінікті болды. Бүгінгі сабақта мұғалімдермен танысып, қызықты өтеді деген ойдамын.
Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі 6 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бүгінге дейін осындағы білікті мамандардың алдынан 130-ға жуық шәкірт өткен. Бір оқыту курсы шамамен бір айға созылады екен.
Сабақтар аптасына 3 рет өтеді.
АСҚАР БАЙМҰҚАНОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:
– Осы студенттер ақпан айында мемлекеттік қызметтегі мәселелерді талқылайды. Наурыз айында өндірістік тәжірибеден өтеді.
Қазір мұнда 11 студент білім алып жатыр. Негізі, 23 адам ниет білдірген екен. 12-сі іріктеуден өтпей қалыпты. Сыннан сүрінбегендері тиісті сабақ көлемі аяқталған соң қолдарына сертификат алады. Бұл құжаттың кейін жұмысқа орналасарда пайдасы тиеді дейді мамандар.