Қоғам

Ерік Нұрақаев: “Былтыр өңірде еңбек дауы тіркелген жоқ”

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аймақтағы кәсіподақ ұйымының жұмысы қорытындыланды. Бүгінгі күні бұл қоғамдық бірлестікке 65 мыңнан астам теріскейлік мүшелік етеді. Сол жандардың құқығын қорғау және қиын кезеңде жәрдемдесу – басты міндет. Былтыр кәсіподақтықтар тасқыннан зардап шеккендерге көмектесіпті.

ЕРІК НҰРАҚАЕВ, «Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:

– Тасқыннан зардап шеккендерге 55 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Өте қомақты қаржы деп білеміз.

Ұйым басшылығы былтыр зардап шеккендерді үймен қамту ісіне де қатысты. Сонымен қатар, мекемелердегі тұрақтылықтың сақталуына назар аударды.

ЕРІК НҰРАҚАЕВ, «Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:

– Кәсіподақ мүшелеріне 98 үй берілді. Жекелей жұмысқа да тоқталайық. Былтыр өңірімізде еңбек дауы болған жоқ. Бұл біздің жетістігіміз деп есептейміз.

Ағымдағы жылы кәсіподақтардың жұмысы қыза түспек. Ерік Нұрақаев биыл жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға негізделген іс-шаралар жиі қолға алынатынын мәлім етті.

 

Байболат Құлтанов