Рөлде отырып телефонға алаңдау көлік апатына әкелуі мүмкін. Көпшілік бұны білсе де ережені ұстанбайтындары көп. Оған – облыс жолдарында тіркелген статистика дәлел. Өткен жылы 3 мыңға жуық жүргізушінің рөлде отырып телефон пайдаланғаны үшін тиісті хаттама толтырылған. Тұрғындар көп жағдайда рөлде отырып телефонмен сөйлеседі, бағдаршамның жасыл түсінің жанғанын күтіп тұрғанда әлеуметтік желі қарап отырады, тіпті, орнынан қозғалғанда сол телефоннан басын да көтермейді екен. Қалада Астана мен Интернационал көшелерінің қиылысында 12 минуттың ішінде осындай үш бірдей бұзушылық тіркелген. Жүргізушілер алысқа ұзамай бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.
Данаш Хамза