Солтүстік Қазақстан облысында тасқынға қатысты жағдай тұрақталғанымен тұрғындарға көмек көрсету жұмысы жалғасып жатыр. Қиын-қыстау шақта бірсыпыра теріскейлік құжаттарынан айрылды. Ал оларды рәсімдеу бір күнде тындырылатын шаруа емес. Маңызды міндетпен әділет органдарының өкілдері айналысуда. Бұл жайлы бейінді департаменттің басшысы Айдос Тоғызбаев мәлімдеді.
АЙДОС ТОҒЫЗБАЕВ, СҚО әділет департаментінің басшысы:
– Тасқыннан кейін бірталай адамның үйі дұрыс рәсімделмегені анықталды. Тиісті көмек көрсеттік. Әлі көрсетіп жатырмыз.
Баяндамасында Айдос Тоғызбаев өткен жылға тұтастай шолу жасады. Былтыр департамент тұрғындарға 1200-ден астам қызмет көрсетіпті.
АЙДОС ТОҒЫЗБАЕВ, СҚО әділет департаментінің басшысы:
– Облыстың әділет органдарымен 2024 жылда барлығы – 1223 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ал 2023 жылы 1260 қызмет ұсынылды.
Бүгінде әділет департаменті тұрғындарға WhatsApp арқылы да қызмет көрсетеді. Баяндама соңында спикер байланыс нөмірлерін тілге тиек етті: 8705 320 83 28, 8707 956 67 36.
Байболат Құлтанов