Осы орайда петропавлдықтарға маңызды хабарландыру! Арна тілшілері болған станциядағы сорғылар қаңтардың 29-шы жұлдызына қараған түні толықтай сөндіріледі. Сондықтан, ауыз су мен тұрмыстық мақсатта пайдаланатын тіршілік көзін ертерек ыдысқа құйып алған жөн. Мамандар мұндай қадамға бекерден-бекер барғалы отырған жоқ. Стратегиялық маңызды саналатын нысанда міндетті шаралардың бірі өткізілмек.
АНДРЕЙ ФОМИЧЕНКО, “Қызылжар су” ЖШС бас инженері:
– Құрылыстың технологиялық тәртібіне байланысты бекіту-реттеу арматурасын бөлшектеу және монтаждау бойынша одан әрі жұмыс жүргізіледі. Ал ол үшін сорғы агрегаттарын уақытша тоқтату қажет. Бұл – мәжбүрлі шара. Қажеттілік туындаған жағдайда ақпан мен наурыз айларының ортасында кезекті мәрте осындай қадамға барамыз. Жоспар бойынша су күндізгі 12:00-ден беріле бастайды. Тұтынушыларымызды түсіністікпен қарауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз.
Байболат Құлтанов