Петропавлда «102» мобильдік қосымшасына деген сұраныс артуда. Өйткені, қалада жол ережесін сақтамау, көлікті аулада дұрыс қоймау жайттары жиі кездеседі. Осындай жағдайларға тап болған тұрғындар телефонына “102” қосымшасын жүктеп алады да фото-видео түсіріп, тәртіп сақшыларына жібере қалады. Мәселен, көппәтерлі үйдің ауласына «КамАЗ»-ын қойып қойған ер адам жауапкершілікке тартылды. Гараж маңында, балалар ауруханасының жанында арақ ішіп отырғандар туралы да шағым түсіпті. Жалпы, 12 айдың ішінде «102» қосымшасы арқылы 287 хабарлама қабылданып, расталған фактілер бойынша 248 әкімшілік хаттама толтырылған.
Данаш Хамза