Болашақ шебер мамандар сыналды. Тимирязев ауданының агротехникалық колледжінде аталмыш ауданның мектеп оқушылары арасында “UniorSkills-2025” атты байқау өтті. Сайыс “Азпаз ісі” және “Ауыл шаруашылығын механикаландыру” бағытын қамтыды. Тағам әзірлеуден Мичурина орта мектебінің оқушысы Юлия Моор бірінші орын еншілесе, ауыл шаруашылығы бойынша Тимириязев мектеп-гимназиясының оқушысы Александр Токарев үздік атанды. Жалпы, тартысты өткен сайыста 11 мектептен 22 ұл-қыз бақ сынады.
Мәдина Қаби