«Уже не… еще не…». Петропавлдық суретші Виталий Жуков өзінің жеке көрмесіне осындай ерекше атау берген. Талант иесі бұл креативті атауды өткен шақ пен келешек арасындағы кеңістік деп түсіндірді. Солтүстікқазақстандықтың төл туындылары Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұранысқа ие.
ВИТАЛИЙ ЖУКОВ, суретші, көрме авторы:
– Мен үшін бұл көрменің маңыздылығы зор. Суреттерді тамашалай отырып жан рақатын табасың. Ол ішіңдегі уайым-қайғыны алады. Әрине, бұл адамның қалай қарайтындығына, ойлау өресіне байланысты. Сурет тілін түсінетін жан болса, әжептәуір дүниені ұғынады. Маған осындай ерекше, ашық түстегі суреттер ұнайды. Адамдардың жарқын түстерге қарап, өмір сүруге деген талпыныстары артқанын қалар едім.
Бүгін өнерсүйер қауым үшін 12 картина – этюдтер қойылған. Барлық жұмыс ашық түспен салынған екен. Жасыл, қызғылт, сары, көк сияқты түстер көбірек қамтылған көрме ерекше әсер сыйлайды, шабыт береді дейд жиналған қауым.
АЛЕКСАНДР ЛИСТОПАДНИЙ, қала тұрғыны:
– Шынымен де таңғажайып көрме. Тіпті ішінен біздің қаламыздың да бейнесін табуға болады. Мен өзім суретшімін және архитектормын. Сондықтан, сурет дегенді жаным сүйеді. Жұмыстардың барлығы асқан жауапкершілікпен және сүйіспеншілікпен салынғаны көрініп-ақ тұр. Көзім тояр емес.
Келуге ниетті жандар үшін есік әрқашан ашық. Көрме қалада 2 ай бойы жалғасады. Ұнаған суретті сатып алуға болады.
Мәдина Қаби