ТЖ

Жолда қалған жүргізушіге көмек көрсетілді

Жолда қалған жүргізушіге көмек көрсетілді! Мамлют ауданындағы Раздольное ауылы арқылы өтетін облыстық тас жолда Алматы облысына бара жатқан жүк көлігі істен шыққан. Техниканың отын жүйесі 25 градустық аязға шыдас бермепті. Қиын жағдайға тап жолған азаматқа кұтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар өкілдері мен полиция жәрдем берді. Жүргізуші Новомихайловка ауылындағы жылыту пунктіне жеткізіліп, түнеп шықты. Көлік құралы бір тәуліктен астам уақыт жөнделді. Оңтүстік астанаға бағыт алған Қуандық Әрим көмек үшін мамандарға алғысын білдірді.

 

Байболат Құлтанов