Қоғам

Солтүстікқазақстандық полицейлер ұстаған алаяқ 16 эпизод бойынша сотталды

Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны Петропавлда жалған пәтерді жалға беріп келген. Яғни ол танымал сайтта интернеттегі кез келген пәтер суретін қоя салып, хабарласқан адамға сұраныстың жоғары екенін, сол себепті, алдын ала төлем жасау қажеттігін айтып отырған. Төлем түскен соң ізін суытады. Ол әр адамнан 5 мыңнан 45 мың теңгеге дейін алып отырған. Ұсталған алаяқ шартты түрде төрт жылға сотталды. Жалпы, облыста өткен жылы 756 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Оның 180-нен астамы тегін хабарландыру сервистері және әлеуметтік желілер арқылы тауар мен қызмет сатуға байланысты.

 

Данаш Хамза