60 жастағы петропавлдық ауыстырылмағанына 40 жылға жуықтаған төлқұжатпен жүрген. Әйел адам құжаттарын соңғы рет 86-шы жылы алыпты. Бұл нәзікжанды облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлеріне жүгінген кезде белгілі болды. Полицейлер оның Қазақстан Республикасының азаматы екенін анықтау үшін бірқатар процедура өткізді. Бүгінде әйел адам жеке куәлігін қолына алды. Өткен жылы мамандар 37 адамды ҚР азаматтығына жататындығын анықтап, құжаттандырған.
Данаш Хамза