Олжас Бектенов тұрақты экономикалық өсуді талқылау үшін экономикалық сарапшылармен кездесті. Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин өнеркәсіпті, инфрақұрылымды және өңірлерді дамытуға бағытталған салық-бюджет саясатын жаңғырту жөнінде ұсыныстар жасалды.
Қатысушылар жаңа Салық және бюджет кодекстерінің жобаларын, сондай-ақ олардың экономиканың негізгі салаларына әсерін талқылады.
Сөз сөйлегендердің қатарында “Атамекен” ҰКП, Тау-кен өндіру, энергетика және құрылыс қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз талдаушылар бар. Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр Ұлттық экономика және қаржы министрліктеріне экономикадағы құрылымдық өзгерістер үшін реформалардың маңыздылығын атап өтіп, келіп түскен ұсыныстарды егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.