Қыстың екінші айы аяқталуға жақын. Көктемнің ауылы алыс емес. Қар еріп, жер құрғаған соң көшеге мопед тізгіндегендер шығады. Осы орайда биыл сәуірдің 5-і күні ҚР Жол жүрісі туралы 41-бабындағы мопедтерді механикалық көлік құралдарына теңестіретін түзетулер күшіне енеді.
ЖҰЛДЫЗ БАҒЫТ, СҚО ПД процессингтік орталығының аға мемлекеттік автоинспекторы:
– 2025 жылғы 5-ші сәуірден бастап мопедтерді пайдалану оларды полицияда тіркеген соң, А1, А санаттардағы жүргізуші куәлігі, техникалық қарап-тексеруден өтуі және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырыуы болуы кезінде рұқсат етіледі. СҚО ПД мопедтерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін алу мәселесін соңғы күндерге кейінге қалдырмауға кеңес береді. Қызықтыратын мәселелер бойынша 8(7152)320019, 8(7152)320022 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Данаш Хамза