Қоғам

“Қызылжар су” ЖШС қызметкерлерінің мұң-мұқтажы тыңдалды

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын жалғастыруда. Бұл жолы мамандар “Қызылжар су” кәсіпорнына барып, ондағы қызметкерлермен кездесті, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Кәсіпорындағыларды толғандырған тақырып – жалақы мәселесі. Серіктестікте қазіргі таңда орташа жалақы 220 мың теңгені құрайды. Саяси ұйым мүшелері кәсіпорын басшылығына түйткілді шешу үшін түрлі конкурстарға қатысуды ұсынды.

ГҮЛФИРА РАМАЗАНОВА, “AMANAT” партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

– Мәселе бойынша серіктестік басшылығымен сөйлестік. Оның сөзінше, бәсекелестікті арттыру үшін кәсіпорын қызмет көрсету байқауларына қатыса алмайды екен. Біз мәселені заң тұрғысынан шешуге Мәжіліс депутаттарына хат жолдауға кеңес бердік.

Аманаттықтардың көмегіне барлығы – 7 адам жүгінді. Мамандар әрқайсысына тұшымды жауап берді.

 

Нұрасыл Ахмет