Қоғам

Алаяқтардың QR-кодты сканерлеу туралы қулығы көрші елде тіркелген – мамандар

Әлеуметтік желілерде үйлердің подъездерінде QR-код бейнеленген фотолар тарап кетті. Бұл сурет солтүстікқазақстандықтардың үрейін туғызып отыр. Осыған дейін алаяқтардың арбауына сан рет түскен жандар қуларға тағы да алданғысы келмейді. Бізде бар ақпарға сүйенсек, парақта адамдарға QR-кодты сканерлеу арқылы аудан мен үйдің Telegram-чатына кіру ұсынылады. Сілтемеге өткен бойда тұрғынның смартфоны бірден бұғатталып, есепшотындағы ақшасы жойылып кетеді. Бұл жағдай көрші елде орын алған. Бірақ, бізге де келмесіне кепіл жоқ. Сондықтан, мамандар теріскейліктерге үйлерінің подъездерінен осы сияқты парақтарды көрсе, бірден полиция қызметкерлеріне хабарласуды сұрайды.

 

Нұрасыл Ахмет