Қоғам

СҚО-да суық ауа райы сақталады

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

– Солтүстікке нағыз қыс жетті. Осы күнге дейін аязды сезінбеп едік, кешегі кештен бері қымтанып жүруге мәжбүрміз. Даладағы жағдайды байқап, алған әсермен бөлісу үшін осындай түсірілім жасауды жөн көрдік. Көшеде адам сиреген. Қар жүрген сайын сықырлайды. Телефон ұстаған қолым да тоңып бара жатыр. Бұл сынып бағанасының әлі төмен екенін аңғартады. Түс ауа синоптиктермен байланысқа шықтық. Олар алдағы күндерге арналған болжаммен бөлісті.

Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 25-30 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 20-25 градусты құрамақ.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

– Кеше кешке әрбіріміздің ұялы телефонымызға 112-ден хабарлама келді. Онда бастауыш сынып оқушыларының қашықтықтан оқитындығы жазылды.

ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, СҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы:

– Бірқатар бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Температура 25 градустан төмен болса, бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

– Осы орайда ата-аналардың құлағына алтын сырға! Болжам бойынша ауа райы сенбіде жылынады. Яғни, әлі суық болады. Егер дауылды ескерту жайлы хабарлама келсе, мінде түрде назар салыңыздар. Онда сабақтың офлайн немесе онлайн режимде өтетіндігі жайлы ақпарат болуы мүмкін. Жолға шығатын адамдар да зер салуы тиіс.

 

Байболат Құлтанов