– Будем осуществлять проверку всех подучётных лиц. Сейчас вам раздадут маршрутные листы. Досконально все адреса независимо от количества должны пройти.
Өңірде «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында полицейлер бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапқа тартылған адамдарды үйлеріне барып тексереді. Зорлық-зомбылық белгілері бар отбасыларға, балаларға қолайсыз әлеуметтік ортада көмек көрсетуді анықтау және ұйымдастыру үшін құрылған мобильдік топтардың жұмысына ерекше назар аударылады дейді мамандар.
АЙНАГҮЛ САУЫТБЕКОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:
– «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі міндеттері – масаң күйде отбасы қатынасы саласында жасалатын қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ, ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты жерлері бойынша тексеру, қылмыс жасауға бейім тұлғаларды анықтау.
Жедел жағдайға жасалған талдау профилактикалық жұмысты күшейту қажет екенін көрсетеді. Полицейлер жадынамалар таратады, байланыс нөмірлерін қалдырады, заңнамадағы өзгерістерді түсіндіреді.
– У нас сейчас проводится РОПМ «Быт». Именно задачей данного мероприятия является профилактика семейно-бытовых правонарушений, недопущение преступлений в быту. Вот мы вам оставим такую брошюру, буклет.
Өткен жылы облыс аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынас саласында 2 мың 300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Сол себепті, 500-ден астам адам қамауға алынып, 300-ге жуығына ескерту беріліп, 15-іне айыппұл салынған.
Данаш Хамза