Спорт

“Қызылжар” ФК жеңіске жетті

Ағымдағы жылдағы алғашқы жеңіс! Түркия елінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан “Қызылжар” футбол клубы екінші жолдастық кездесуін өткізді. Бұл жолы петропавлдық ұжымға косовалық “Суварека” командасы қарсы тұрды. Матч 1 де 0 есебімен аяқталды. Жерлестеріміз сапынан жалғыз голды қаралымда жүрген футболшы соқты. Оның аты-жөнін клубтың баспасөз қызметі әзірге жарияламады. Айта кету қажет, бұған дейінгі ойында қызылжарлықтар сербиялық жігіттермен күш сынасты. Өкінішке қарай, ол ойында 0 де 4 есебемін қарсылас басым түсті. Енді “Қызылжар” футбол клубының жігіттері қаңтардың 23-і күні жасыл алаңға шығып, венгриялық команданың намысын қорғайтын әріптестерімен ойнайды.

 

Байболат Құлтанов